Қазақстандағы авиакәсіпорындарды тексеру нәтижелері: 18 бұзушылық жойылды

 Pexels фото на taspanews.kz от 19 февраля 2025 13:28
Фото: Pexels

19-ақпандағы Үкімет отырысында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду елде ірі авиакәсіпорындар мен әуежайларға жүргізілген тексеру нәтижесінде 18 бұзушылық жойылып, 686 ұшқыштың дайындығына талдау жасалғанын айтты,  – деп хабарлайды Taspanews.kz Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.  


Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Қазақстанның Авиациялық әкімшілігі Астана, Павлодар, Алматы, Ақтау, Шымкент, Өскемен қалаларындағы 6 әуежайды және 6 тұрақты әуе тасымалдаушының 71 ұшағын перрондық тексеру тұрғысынан тексеріс жүргізді. Сонымен қатар, авиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша жоспардан тыс бақылау жалғасуда. 


"Тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі жыл сайынғы бағдарламаға сәйкес 2024 жылы 960-тан астам іріктелген және жоспардан тыс тексерулер, сертификаттық зерттеулер жүргізілді. Қорытындысы бойынша 1210 рұқсат құжаты берілді. Саланың 18 субъектісіне қатысты шектеу сипатындағы шаралар қабылданды. 2025 жылға 820 тексеру жоспарланған", – делінген Азаматтық авиация комитеті хабарламасында.

Следите за новостями Taspanews