Қазақстандағы доллар құны 515 теңгеден кем мән көрсетеді
2024 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан қор биржасында шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық аяқталды, - деп хабарлайды Taspanews.kz KASE-ге сілтеме жасап.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 514,65 теңгені құрады, бұл алдыңғы көрсеткіштермен салыстырғанда 9,31 теңгеге төмен.
Өзгерістер басқа шетел валюталарына да әсер етті. Осылайша, қытай юанінің бағамы 0,98 теңгеге құлдырады. Құны 71,06 теңгені құрады. Бұл ретте юаньның құнсыздануы Қытаймен сауда операцияларына байланысты тауарлар мен қызметтердің құнына әсер етті, бұл Қазақстанның экономикалық жағдайына да әсер етуі мүмкін.
Қазақстандағы ақша айырбастау пункттерінде де өзгерістер болды.
kurs.kz порталының мәліметіне сай, сауда-саттықтың қорытындысы бойынша АҚШ долларын 512,82-518,34 теңге аралығындағы бағаға сатуға және сатып алуға болады.
Еуро бағамы 540,8-ден 548,44 теңгеге дейін ауытқыса, Ресей рублі 5,05-5,19 теңгені құрады.