Қазақстандағы мемлекеттік қызметтерге қатысты шағымдар енді Telegram арқылы қабылданады

Фото: Мемлекеттік қызмет агенттігі

Енді Қазақстан азаматтары Telegram мобильді қосымшасы арқылы сапасыз мемлекеттік қызметтер туралы оңай әрі жылдам шағымдана алады, – деп хабарлайды Taspanews Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне сілтеме жасап


Telegram платформасында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту және бюрократиялық кедергілерді азайту үшін нақты уақыт режимінде шағымдар мен ұсыныстарды қалдыруға мүмкіндік беретін жаңа функция енгізілді. Бұл механизм EgovKzBot2.0 бот платформасында қол жетімді.


Бұл функцияны Мемлекеттік қызмет агенттігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі бірлесіп әзірледі. Бағдарламалық шешім қолданудың қарапайымдылығымен және интуитивті интерфейсімен сипатталады, бұл пайдаланушыларға қызмет көрсетуші мекемелерден деректерді оңай енгізуге және өз пікірлерін, ұсыныстарын немесе шағымдарын қалдыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, құжаттарды қажетсіз сұрауға, қызмет көрсетуден негізсіз бас тартуға немесе оларды ұсынудағы кідірістерге шағымдану мүмкіндіктері қамтылған.


Агенттік өкілдері барлық арыз-шағымдар мен ұсыныстар жедел қаралып, азаматтарға дер кезінде жауап берілетініне сендірді.