Қазақстандағы зейнетақыны индекстеу: қосылған кұн салығының өсуі оған әсер ете ме?

Фото: Freepik
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосылған құн салығының көтерілуі әлеуметтік төлемдерге қалай әсер ететіні туралы депутаттардың сауалдарына жауап берді, – деп хабарлайды Taspanews.kz.
Халық ҚҚС көтерілуі заттардың қымбаттауына әкеледі деп ойлайды. Әсіресе, зейнетақы мен жәрдемақыға арқа сүйейтіндер үшін бұл алаңдаушылыққа айналды. Алайда Серік Жұманғарин жұртшылықты тыныштандырды.
«Зейнетақылар мен жәрдемақыларды қосымша индекстеу болмайды, барлығы қолданыстағы заңдарда ескерілген және бұл төлемдер сол белгіленген ережелерге сәйкес индекстеледі»,
Ол сондай-ақ әлеуметтік осал топтар бағаның өсуін сезбейтінін атап өтті, себебі оларға көрсетілетін көмектің тұрақты болуын қамтамасыз ететін бақылау жүйесі бар. Инфляция болғанның өзінде, үкімет маңызды азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмек бағасының көтерілуіне жол бермеуді қадағалайды.