Қазақстандық фильм Бакуде бас жүлде иеленді

Фото: Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бакудегі фестивальде "Бауырына салу" фильмі жоғары марапатқа ие болды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.


«Baku International Film Festival 2024» фестивалінің қазылар алқасында "Алтын глобус" иегері Сиддик Байрам болды. Ол кинотуындыда ұлттық дәстүр, бала жанының психологиясы, ауылдың қоңыр тірлігі ашып көрсетілгенін айтты.


Қазақстан кинематографистер альянсы да оны жоғары бағалап, "Тұлпар" ұлттық сыйлығының ең жоғары наградасымен марапаттады. Ендігі кезекте фильм Оскарға жөнелтілмек.


Кинематография туындысы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірілді.