Қазақстандық геологтарға арналып алғаш рет мемлекеттік награда енгізілді

ҚР Премьер-министрі ресми ақпараттық ресурсы фото на taspanews.kz от 06 апреля 2025 12:04
Фото: ҚР Премьер-министрі ресми ақпараттық ресурсы

2025 жылы 5 сәуір күні ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов геолог саласы мамандарына мемлекеттік наградалар табыс еті, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Премьер-министрі ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.


6 сәуір – Геолог күні қарсаңында, бір күн бұрын сала мамандарына «Қазақстанның еңбек сіңірген геологі» жаңа құрметті атағы берілді. Бұл мереке 2025 жылы Жұмысшы мамандықтар жылы аясында атап өтіледі.


«Қазақстанның еңбек сіңірген геологі» құрметті атағымен марапатталғандар:


- Марат Бітімбаев – Қ. И. Сәтпаев атындағы Геология ғылымдары институты ЖШС бас ғылыми қызметкері;


- Серікбай Дәукей – ҚР ҰҒА академигі.


ҚР Премьер-министрі ресми ақпараттық ресурсы фото на taspanews.kz от 06 апреля 2025 12:04
Фото: ҚР Премьер-министрі ресми ақпараттық ресурсы

Одан бөлек, басқа да геология сала мамандары «Құрмет» ордені, ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.


Кездесу барысында Премьер-министр геологияның Қазақстан экономикасындағы орнына тоқталып өтті:


«2024 жылға Қазақстан аумағының геологиялық барлау көлемі 2 млн шаршы км-ден асады, бұл жалпы алаңның шамамен 74%-ын құрайды. Мемлекеттік геологиялық барлау жұмыстары есебінен өткен жылдың қорытындысы бойынша 38 жаңа перспективалы кен орны анықталды. 2025 жылы Қарағанды облысында сирек жер металдарының қоры 800 мың тоннадан асатын Күйректікөл учаскесі ашылды, ал болжамды ресурстар, оның ішінде церий мен лантаноидтар 935 мың тоннадан асады деп бағалануда», – деді Премьер-министр.

Следите за новостями Taspanews