Қазақстандық хоккей құрамасы соңғы дайындық матчтында канадалықтарды жеңді

Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы 26 желтоқсанда Канаданың Оттава қаласында басталатын жастар арасындағы әлем чемпионатына дайындық аясында соңғы дайындық матчында жеңіске жетті, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ҰОК-қа сілтеме жасап.
Қазақстандықтардың қарсыласы жергілікті «Хоксбери Хокс» жастар командасы болды. Бұл кездесуде қазақстандық хоккей ойыншылары тамаша нәтиже көрсетіп, 8:1 есебімен жеңіске жетті.
«Матч Қазақстан құрамасының белсенді шабуылдарымен басталды. Бірінші кезеңде команда екі гол соға алды. Бірінші голды Кирилл Ляпунов салды, оған Семен Симонов пен Владислав Большедворский көмектесті. Екінші шайбаны Әділ Бейсембаев Айдар Жүсіпбеков пен Большедворскийдің пасынан кейін Хоксбери Хокс қақпасына соқты»,
Екінші кезеңде Қазақстан құрамасының басымдықты қайта орнатты. Әділ Бейсембаев дубль жасады, көп ұзамай Кирилл Ляпунов та екінші голды соғып, есепті 4:0-ге жеткізді. Осы кезеңде Никита Ситников тағы бір гол соқты.
«Қорытынды кезеңде Қазақстан жастар құрамасы шабуылдарын жалғастырды. Алдымен Семён Симонов гол соғатын мүмкіндігін іске асырса, кейін Артур Гросс пен Асанәлі Русланұлы Канада құрамасына соққы жасады. Хоксбери Хокстың жалғыз голы 47-минутта Беснердің күшімен соғылды»,
«Қорытынды кезеңде Қазақстан жастар құрамасы шабуылдарын жалғастырды. Алдымен Семён Симонов гол соғатын мүмкіндігін іске асырса, кейін Артур Гросс пен Асанәлі Русланұлы Канада құрамасына соққы жасады. Хоксбери Хокстың жалғыз голы 47-минутта Беснердің күшімен соғылды».
Хоксбери Хоукс арасындағы қорытынды есеп - U20 – 1:8 (0:2, 0:3, 1:3).
Жастар арасындағы Әлем чемпионаты 2024 жылдың 26 желтоқсаны мен 2025 жылдың 5 қаңтары аралығында Оттавада өтеді. Қазақстан құрамасы В тобында Швеция, Чехия, Швейцария және Словакиямен кездеседі.