Қазақстандық кинооператор американдық киноакадемияның мүшесі атанды

Фото: Оператор инстаграмы

Қазақстандық кинооператор Еркінбек Пітірәлиев қазір Американдық кинематографиялық өнер және ғылым академиясының мүшесі атанды, – деп хабарлайды Taspanews.kz. Бұл туралы Пітірәлиев Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке аккаунтында айтты.


Шымкенттен шыққан Пітірәлиев Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын "Кинооператор" мамандығы бойынша, сондай-ақ Қазақ ұлттық өнер университетін бітірген. Оның соңғы жылдары жұмыстары –"Жамбыл. Жаңа дәуір", "Дала қасқыры", "Коллективный иммунитет". Оператор көбінесе "драма" және "тарих" жанрларында жұмыс істейді.


Пітірәлиев өзінің жарияланымында оны қолдағандардың барлығына алғысын білдіріп, Академияға үлкен құрмет білдірді.