Қазақстандық мектеп оқушылары физикадан Азия олимпиадасына қатысты

 фото на taspanews.kz от 10 июня 2024 10:54
Фото: Қазақстан Республикасы Білім министрлігі

Қазақстандық оқушылар Малайзияның Кампар қаласында өткен APhO Азиялық физика олимпиадасында айтарлықтай жетістікке жетті. Байқауға 27 елден 212 оқушы қатысты, деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Білім министрлігіне сілтеме жасап. 


Қазақстан құрамасы бір күміс, алты қола және бір мақтау қағазымен марапатталды.


Жеңімпаздар:


Күміс медаль: Марғұлан Нұрсағатов, Алматы қаласы Республикалық физика-математика мектебінің 11 сынып оқушысы;


Қола медальдар: Ілияс Қазымбек, Астана қаласы Республикалық физика-математика мектебінің 11 сынып оқушысы;


Досжан Бисімбі, Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 12 сынып оқушысы;


Бекасыл Елубай, Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы;


Ким Артур, дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;


Пшенбаев Әміре, Астана қаласындағы дарынды жасөспірімдерге арналған «Білім-Инновация» мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы;


Нұрасыл Барлыбаев, Атырау облыстық №1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы.


Қазақстандық команданы PhD докторы, СДУ доценті Самат Мақсұтов пен PhD докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы Нұрдәулет Қаласов басқарды.


Следите за новостями Taspanews