Қазақстандық мектептер тамақтанудың жаңа стандартына көшу барысында

Depositphotos фото на taspanews.kz от 29 января 2025 19:28
Фото: Depositphotos

Қазақстандық мектептерде белгілі бір кондитерлік өнімдер, балмұздақ пен тәтті сусындар сатылмай, тек сапалы тамақтануға ден қойылады, – деп хабарлайды Taspanews.kz 24kz телеарнасына сілтеме жасап.


Жаңа стандартта тамаққа қосылатын азық-түлік құрамы, мөлшері келтірілген. Одан бөлек, ет қосылған құймақ, паштет, сағыз, газдалған сусын, энергетикалық сусындар мен пастерленген жеміс-жидекке, жасанды шырындар мен жылдам дайындалатын тағамдарға жол берілмейтін болады.


«Жыл басынан бері ведомствоаралық сарапшылар тобы Жамбыл облысының барлық мектептеріндегі асханаларды тексерді. Азық-түлік сақталатын және тағам дайындалатын орында анықталған бұзушылықтар үшін 56 директор, олардың 8 орынбасары және 52 әлеуметтік педагогқа қатысты сөгіс пен ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылды», – делінген телеарна ақпаратында.

Следите за новостями Taspanews