Қазақстандық миллиардерді Қырғызстанда іздеуде
Фото: Kazakhmys
Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Forbes журналының Қазақстанның ТОП-25 тізіміне енген Владимир Жуманбаевқа іздеу жариялады.
Тергеу Жұманбаевтың ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі Асанбек Камчидің қылмыстық әрекеттен түскен ақшаны жылыстатуына қатысы бар деп отыр.
Тергеу нәтижесінде Қырғызстан бюджетіне залал келтірген кірісті жасыру мақсатында алтын өндіру бойынша есеп деректерін бұрмалау анықталды. Бішкектің Октябрь аудандық соты Интерпол арқылы мемлекетаралық іздеуді қоса алғанда, қазір іздеуде жүрген Жұманбаевты қамауға алуды бұйырды.