Қазақстандық оқушы NASA-да тағылымдамадан өтті

Фото: Nazarbayev Intellectual School Almaty

Қазақстандық оқушы ғарыш миссияларының болашағына көз жүгіртті, – деп хабарлайды Taspanews.kz almaty.tv сілтеме жасап.


Назарбаев зияткерлік мектебінің оныншы сынып оқушысы Сымбат Барсағазы зымыран жасау жобасымен көзге түсіп, әлемнің әр түкпірінен келген қырық талантты оқушылар қатарына кірді. Ол Хьюстондағы "United Space School" жобасына қатысып, ғарыштық зерттеулер әлеміне ену мүмкіндігін пайдаланды. 


Сымбат екі апта ішінде Марсқа экспедиция жобасымен айналысатын топқа қосылды. Еңбекқор мектеп оқушыларының командасы миссия жоспарларын сызып қана қоймай, мұражайлар мен ғарыш орталықтарымен танысты, онда олар нағыз NASA ғарышкерлерімен және инженерлерімен пікір алмасты.


"Аполлон" жобасын іске асыру барысында қолданылған миссияларды басқару орны мектеп оқушысы үшін жарқын сәт болды.


"Болашаққа бағытталған шешімдер қабылданған бұл тарихи орын мені ұлы ғарыштық зерттеулер туралы ойлауға шабыттандырды", - деп бөлісті Сымбат.

Ол аты аңызға айналған сарапшы Том Санзонмен кездесіп, сөйлесті. Маман NASA-да елу жыл ғарышкерлерді жаттықтырған, олардың арасында Нил Армстронг та болды. Одан алған білім Сымбат үшін нағыз қазынаға айналды.


Сымбат NASA-ға тәлімгер ретінде оралуды және өз тәжірибесін келешек ұрпақпен бөлісуді жоспарлаған.


Еске салсақ, өткен жылы Сымбат Рамазан Амремен бірлесіп ойлап тапқан "Aenoica" ғылыми әзірлемесімен NASA байқауында жеңіске жетті. Олардың жұмысы бүкіл әлемдегі жас зымыран жасаушылардың барлық жобаларының ішіндегі ең ұтымдысы деп танылды.