Қазақстандық спортшы 31 жыл бұрынғы спорттық жетістікті қайталады

ҚР Туризм және спорт министрлігі фото на taspanews.kz от 12 марта 2025 16:20
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Қазақстандық пара биатлоншы Ербол Хамитов Әлем кубогында жалпы есепте жеңіске жетіп, Хрусталь глобус иеленді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.


Осындай жеңіске 31 жыл бұрын Владимир Смирнов ғана жеткен еді.


11 наурыздағы Швецияның Торсби қаласында өткен маусымның соңғы спринтінде Ербол Хамитов екінші орын алып, маусым бойы жинаған ұпайларының қосындысы арқасында Хрусталь Глобусқа ие болды. Жалпы есептегі ұпай 1 005-ті құрады. Биатлоннан әлем чемпионатында алтын медаль қоржында.


«Қазақстандық тағы бір пара биатлоншы Александр Герлиц те осы жарыста жүлдегер атанып, өз санатында күміс жүлде иеленді. Қазақстан үшін қысқы спорт түрлерінде Әлем кубогының жалпы есебінде жеңіске жету – өте сирек кездесетін және аса маңызды оқиға», – делінген ҚР Туризм және спорт министрлігі хабарламасында.

Следите за новостями Taspanews