Қазақстандық спортшы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында жеңіске жетті

Фото: Olymic.kz
Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Бахрейндегі Әлем чемпионатынан алтын әкеледі, – деп хабарлайды Taspanews.kz Olymic.kz сілтеме жасап.
96 келіге дейінгі салмақта тартысқа түскен спортшы қоссайыста 388 (174+214) келіні көтерді.
Екінші орынды Грузин спортшысы, үшінші орынды ирандық Али Алипур алды.
Біріншісі 387 (177+210) кг, келесісі 387 (173+214) кг көтеріп, көрсеткіштерімен қазақстандық спортшыға жете алмады.