Қазақстандық спортшылар медальдар үшін күресті жалғастыруда: жарыстың тікелей көрсетілімі

Фото: olympic.kz

31 шілдеде Парижде Олимпиаданың бесінші күні өтеді. Қазақстандық спортшылар кем дегенде екі финалға қатысады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Олимпиада медальдары үшін Екатерина Шабалина (триатлон) және Милад Карими (спорттық гимнастика) таласады. Мария Дмитриенко стендтік ату жарыстарында сәттілікке жеткен жағдайда, турнирдің финалына өтуі мүмкін.


11: 00 Триатлон. Әйелдер


Кім өнер көрсетеді: Екатерина Шабалина


12:00 оқ ату. Үш позициядан тұратын мылтық, 50 метр. Квалификация. Ерлер


Кім қатысады: Ислам Сәтбаев, Константин Малиновский


12:00 стендтік ату. Трап. Квалификация. Екінші күн. Әйелдер


Кім қатысады: Мария Дмитриенко


14:16 Бокс. 57 кг. 1/8 финал. Ерлер


Кім қатысады: Махмуд Сабырхан


18:00 үстел теннисі. 1/8 финал. Ерлер


Кім қатысады: Кирилл Герасименко


20:30 спорттық гимнастика. Көпсайыс бойынша. Финал. Ерлер


Кім қатысады Милад Карими


00:36 Бокс. 75 кг. 1/8 финал. Әйелдер


Кім қатысады:Валентина Халзова.


Жарыстың тікелей көрсетілімдері "Qazsport", "Qazaqstan", "Хабар", "Jibek Joly" және "Ел Арна"телеарналарында қолжетімді.