Қазақстандық спортшыларды XXXIII жазғы Олимпиадаға салтанатты шығарып салу өтті

Қазақстандық спортшыларды XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына салтанатты шығарып салу фото на taspanews.kz от 17 июля 2024 15:25
Фото: instagram.com/turizm_sport_ministrligi

Бүгін, 17 шілдеде Қазақстан ұлттық олимпиадалық командасын XXXIII жазғы Олимпиадаға салтанатты түрде шығарып салу өтті, – деп хабарлайды Taspanews.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Париж Олимпиадасына 80 қазақстандық спортшы барады, олар брейкинг пен бадминтонды қоса алғанда, 25 түрлі спорт дисциплиналары бойынша ел намысы үшін күреседі.


Төрт жылдықтың басты спорттық шарасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Олимпиада ойындарының басталуы Сена өзенінің суларында өтетін ерекше ашылу салтанатымен атап өтіледі. Бұл жер бүкіл әлем үшін ерекше және есте қаларлық көрініс ашады.


Следите за новостями Taspanews