Қазақстандық сұлулық салондар тырнақ күтіміне арналған бұйымдарды сатып алуды азайтқан

Pixabay.com фото на taspanews.kz от 20 декабря 2024 21:26
Фото: Pixabay.com

Қазақстанда сұлулық индустриясының айтарлықтай құлдырауы тіркелді – тырнақ күтімі құралдарының импорты рекордтық минимумға жетті, – деп хабарлайды Taspanews.kz DATA HUB сайтына сілтеме жасап.


2024 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында елімізге бар болғаны 679,6 тонна маникюр-педикюр өнімдері келген. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңінде тіркелген көлемнің жартысы ғана, яғни импорт көлемі екі есе азайды. Ақшалай көрсеткішпен есептегенде бұл 1,8 есе төмендеуді тіркейді, импорт бар болғаны 4,5 млн АҚШ долларын құрады.


"Мұндай қатты құлдырау соңғы он жылда бірінші рет болып тұр. Қазақстан 2023 жылға дейін тырнақ күтімі қызметтері бойынша импортта тұрақты өсім көрсетсе, биыл күтпеген жағдай болуда. Бір қызығы, короновирус індеті кезінің өзінде, арлықтай шектеу көп кезде – 2020 жылы маникюр-педикюр өнімдерінің импорты 1,2 мың тоннаны құрады. Ал карантиндік шараларды жеңілдету басталған 2021 жылы тырнақ күтіміне арналған өнімдер импортының көлемі айтарлықтай өсіп, рекордтық көрсеткішке – 2,7 мың тоннаға жетті",  – делінген зерттеу нәтижесінде.


Дегенмен, бұл деректерге сүйене отырып, бүкіл нарықтың жай-күйі туралы қорытынды жасауға әлі ерте болар. Импорт көлемінің күрт төмендеуіне қарамастан, 2024 жылдың қазан айынан бастап сұлулық салондарындағы маникюр қызметтерінің құны өткен жылмен салыстырғанда 13,2% - ға өскенін ескеру маңызды, бұл саланың өзінде  баға өсімі барын көрсетеді. Сондай-ақ 2024 жылдың маусымында Қазақстандағы шаштараз және сұлулық салондарының қызметтері бір жыл ішінде жалпы алғанда 12%-ға қымбаттады.


Импорттың азаюы мен қызметтерге жоғары баға қою келесіден болуы мүмкін: біріншіден, мүмкін, нарық жаңа жағдайларға, соның ішінде санкцияларға бейімделіп, тұтыну мен сатып алу үлгілері өзгерген болар, екіншіден, сұлулық қызметтерінің қымбаттауы ғимараттардағы бөлмелерді жалға алу құнының, мамандардың жалақысының өсуімен және осы салаға әсер ететін басқа да экономикалық факторлармен байланысты болуы мүмкін.


Следите за новостями Taspanews