Қазақстандықтар арман еткен өмірдің құны білсек

ixabay фото на taspanews.kz от 05 ноября 2024 09:21
Фото: pixabay

Жыл сайын Investopedia.com «Америка тұрғындарының арманының» құнын есептейді және 2024 жылы ол 4,4 миллион долларды құрады. Бұл көрсеткішке денсаулық, үйлену шығындары, екі баланы тәрбиелеу, үй сатып алу, жерлеуге қажет қаражат кіреді. Статистикалық деректер, зерттеулер және Chat GPT көмегімен Taspanews.kz тілшілері «қазақстандықтардың арманындағы өмір» құны қанша болатынын есептеп көрді. Бақытты болу үшін қазақстандықтар небәрі 430 миллион 800 мың теңге қажет етеді екен.


Екі баланы өсіруге керекті қаражат (120 млн. теңге)


Көбінде Америкада балаларды өсіп, жеткізу өте қымбат. Зерттеуге сәйкес, олар 2 балаға 832 мың 172 доллар жұмсайды.


Қазақстандағы балаларды өсіруге қажет қаражатты есептеу үшін Freedom Life сарапшылары жүргізген зерттеуді алдық. Олар бір балаға шаққандағы қаражат орта есеппен айына 130 мың теңгені құрайтынын келтірді. Есепке мектепке дейінгі мекемелерге, секциялар мен үйірмелерге бару, азық-түлікпен қамтамасыз ету, киім-кешек, ойыншықтар, жеке гигиена құралдары, ойын-сауық, медициналық қызметтер, кеңсе тауарлары сияқты салалар ескерілді..


Орташа болжамды инфляция жылына шамамен 8 пайызды құрайтынын ескерсек, баланы 17 жасқа дейін өсіру үшін 56 миллион теңгеден сәл астам қаражат қажет болады екен. Адам кем дегенде екі баланы армандайтынын ескерсек, барлығын қосқанда 112 миллион теңге аламыз. Бұл колледж бен университегі білім алу сомасын қоспағанда. Қазақстандықтардың барлығы дерлік балаларының грантқа түскенін армандайды. Алайда, эксперименттің тазалығы үшін біз екі баланың жоғарғы оқу орнында білім алуына шамамен 8 миллион теңге қостық. Нәтижесінде балаға жұмсалатын орташа қаражат 122 миллион теңге болып шықты.


Денсаулық сақтау (10 млн. теңге)


Америкамен қайта салыстырсақ, ол жақта денсаулық сақтауға қаражат зейнетақы жинақтарынан алынады. Оларды сома қанағаттандыру үшін 1,6 миллион долларды қажет екен. Алайда зерттеушілер американдықтардың жартысы ғана зейнетақы шоттарына ие деген пікірге ие. Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру өз бетінше жұмыспен қамтылғандар үшін ең төменгі жалақының 5 пайызын құрайды. 2024 жылы бұл айына 4 250 теңгені және жылына 51 мың теңгені құрады.


Міндетті медициналық сақтандыру жарналарының мөлшері ең төменгі жалақыға байланысты дедік, алайда бұл көрсеткіш өссе ші?. Мәселен, 2023 жылы ол 16,7%-ға, 2024 жылы 21,4%-ға өсті. Алайда, 2021 жылға дейін сома үш жыл бойы өзгермей, небәрі 42500 теңгені құрады. Есептеу үшін біз соңғы 5 жылдағы ең төменгі жалақының орташа өсу қарқынын алдық, ол 8% инфляция деңгейіне жақын болып шықты. Біз бұл деректерді ChatGPT-ке жүктеп, 43 жылға қажетті соманы ала аламыз. Нәтижесінде, ол 10 миллион теңгеден асты. Бұл жағдайда ақылы медициналық қызметтер есепке алынбайды.


Той шығындары (10 млн теңге)


Американдықтар 44 000 доллардың тойын армандайды. Қазақтар бұл ретте бәсекеге түсе алады, себебі біздің тойлар жүздеген қонақтардың қатысуымен өтеді және біз салтанат үшін тіпті несие алудан қашпаймыз. 2023 жылдағы нейро дереккөзден алынған мәліметтер Қазақстанда той  өткізу 1,5 миллион теңгеге шақ болатынын көрсетті, алайда орта есеппен үйлену тойының құны 6-10 миллион теңгені құрайды. Оған қалыңдық пен күйеу жігіттің киім-кешегі, бетті әрлеу, сақина сатып алу, неке тіркеу, 200 қонаққа арналған салтанат залын жалға алу кіреді.


Үй салу (200 млн. теңге)


Американдық болсын, қазақ болсын, өз үйінің болуын армандайды. Әдетте американдықтар тұрғын үйді зейнеткерлікке шыққаннан кейін сатып алады, оған дейін пәтерді жалға алғанды ​​жөн көреді. Қазақстанда жеке баспана алу мәселесі неке қиғанда және бала туғанда туындайды. Ұлттық статистика бюросы мәліметіне сай, 2023 жылы қазақстандықтар 1 шаршы метр үшін орта есеппен 141 700 теңге жұмсаған. Көбінде елде 200 шаршы метр үйлер сұранысқа ие. Жалпы сомасы 27 миллионнан сәл асады. Әрине, тұрғын үйдің құны ол орналасқан қала ауданына байланысты айтарлықтай өзгеріске ұшырайды. Аудан орталығы болған жағдайда, қымбаттай түседі. Жарнамаларды қарастырып, нарықтағы сұраныс пен ұсынысты ескере, «Казриелт» бүгінде бір үйдің орташа бағасы шамамен 200 миллион теңгені құрайтынын есептеп шығарған.


Несиеге автокөлік алу (34 млн. теңге)


Статистикаларда қазіргі таңда қазақстандықтардың басым бөлігі көлікті несиеге сатып алатыны келтіріледі. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында көлік алуға берілген несие 763,7 млрд теңгені құрады. Бір сатып алушыға шаққан орташа көрсеткіш бойынша несие сомасы 8,1 миллион теңгені құрайды. Бұл статистикаға ескі көліктер де, жаңа көліктер де кіреді. Қазақстан автомобиль одағының мәліметі бойынша 2024 жылы ең танымал автокөлік брендтерінің қатарында Hyundai, Kia, Chevrolet болды.


Көбінесе банктер азаматтардан 10% бастапқы жарнаны талап етіп, 7 жылға несие берген жағдайда және пайыздық мөлшерлеме шамамен 25% болса, сатып алушы  автокөлік үшін орташа есеппен пайыздармен қоса 17 миллион теңге төлейді.


Американдықтар бір отбасыда 2 көлік болса деп армандайды. Бізде де сол үрдіс. Әйелі де, күйеуі де көлікке ие болғысы келеді. Осы орайда несиені екі еселейміз. Сонда 34 миллион теңге шығады.


Жыл сайынғы саяхат (50 млн. теңге)


"Американдықтардың  арманы" – 63 жыл ішінде жыл сайын бір апталық демалысқа шығу. Индекске сай, американдық 85 жасқа дейін саяхаттайды екен. Қазақстанда жағдай өзгеше. Ұлттық статистика бюросы мен Jusan big data жүргізген талдауға сәйкес,  20 мен 70 жас аралығындағы халықтың ішінде ең белсенді саяхатшылар – 26 мен 35 жас аралығындағы азаматтар. Көбінесе олар Түркия, БАӘ және Египетте демалуды жөн көреді. Саяхаттағы орташа есепшот тәулігіне 100 мың теңгеден ($204) асады, ал сапар ұзақтығы әдетте 7 күнді ($1428) құрайды. Осы мәліметтерді пайдалана, жастар 25-тен бастап, кем дегенде 60 жасқа дейін жыл сайын саяхаттайды деп ойластырып көрсек. Сонымен қатар, олар жалғыз емес, жұп болып шықса, 35 жылға оларға 100 мың доллар немесе шамамен 50 миллион теңге қажет болады екен.


Бұл қаражатты жергілікті валютамен сақтамаған жөн.


Бағамдық айырмашылық қатты әсер етпеуі үшін жинаған ақшаңызды депозитке салыңыз.


Үй жануарлары (1 миллион 800 мың теңге)


Америка азаматтары бақытты болу үшін мысықтар мен иттерді ұстауға 36 626 доллар жұмсауға дайын. Ондағы әрбір екінші азаматта бір үй жануары бар. Есептеу кезінде мысықтардың орта есеппен 11,2 жыл, ал иттер 12,7 жыл өмір сүретіні ескерілді.


Қазақстандықтар үй жануарын жиі ұстай бермейді, дегенмен біз іздендік. 2023 жылға арналған Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметі бойынша, Қазақстанда жалпы иттер мен мысықтардың саны 730 мыңға жуық болса, оның 610 мыңға жуығы үй жануарлары ретінде адам серігі болуда. Ашық дереккөздерден тапқанымыз – үй жануарына қазақстандықтар орташа көрсеткішке сай, айына 15 мың теңге жұмсайды екен. Сонда, бір жылда 180 мың теңге болып қалады. Үй жануарларының орташа өмір сүру ұзақтығы 10 жыл болса, 1 миллион 800 мың теңге қажет болады.


Жерлеу (5 миллион теңге)


Американдықтар жерлеу шығындарын ұрпақтарына қалдырмай, өздері ойластырады, сондықтан да бұл олардың жоспарына кіреді. Олар жерлеу сапасына 8 453 доллар құртуға дайын екен. Астана, Алматы және басқа да ірі қалаларда жерлеу құны 200 мыңнан бірнеше миллион теңгеге дейін ауытқиды. Жерлеуге жер тегiн бөлінгенімен, қабiрдi дайындау ( табыттар мен ескерткiштер 500 мыңға дейін жетеді), ас өткiзу сияқты міндетті шаралар көп. 100 адамға арналған ас орта есеппен 1 ​​миллион 500 мың теңгені құрауы мүмкін. Сондай-ақ «жеті күндігі», «40 күндігі» бар. Жалпы сома 5 миллион теңгені құрауы мүмкін.


Следите за новостями Taspanews