Қазақстандықтар бірінші сыныпқа қабылдау үшін 240 мыңнан астам өтініш берген

Фото: Pexels

Қазақстан тұрғындары бірінші сыныпқа қабылдау үшін 240 мыңнан астам өтініш берді. Биыл өтініш беру процесі 1 сәуірде басталды және 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады, деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Ата-аналар баласының құжаттарын электронды үкімет веб-порталы арқылы тапсыра алады. Жаңа оқу жылында 370 мыңнан астам қазақстандық мектеп оқушылары бірінші сыныпқа барады деп күтілуде.


«Бүгінгі күні бірінші сыныпқа қабылдауға 242 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Бірінші сыныпқа қабылдаудың ең жоғары көрсеткіші Түркістан, Алматы және Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Алматы мен Астана қалаларында байқалады». - деп хабарлады Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Орта білім комитеті.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін қызмет автоматтандырылғанын, құжаттар egov.kz веб-порталы арқылы қабылданатынын естеріңізге саламыз. Алты жасқа толған балалар бірінші сыныпқа ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады.


Портал арқылы өтінім беру үшін мыналарды көрсету қажет:


1) ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші;


2) № 065/у «Профилактикалық егу картасы» және № 052-2/у «Бала денсаулығы паспорты» нысанындағы медициналық анықтамалар;


3) 3х4 см өлшемдегі баланың цифрлық фотосуреті.


Өтініштер демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.