Қазақстандықтар Кариб теңізіндегі екі аралға визасыз бара алатын болады
Фото: Pexels
Қазақстандықтар Кариб теңізіндегі Сент-Китс пен Невис аралдарына визасыз бара алады, – деп хабарлайды Taspanews.kz zan.gov сайтына сілтеме жасап.
Ендігі кезекте, екі ел бір-бірінің аумағына визасыз кіріп, 1 жыл ішінде 90 күннен аспайтындай саяхаттай алады.
Саяхаттаушылардан бөлек, дипломатиялық және қызметтік визалары бар азаматтар дипломатиялық өкілдіктерде тіркелген болса, бұл мүмкіндікті қолдана алады.
Визасыз режім туралы келісімге екі ел 2024 жылы қаңтарда келген, алайда Үкімет қаулыға жақында ғана қол қойды.