Қазақстандықтарды қажылыққа апаратын әуе компаниялар белгілі болды
Фото: Pexels
Қазақстан мұсылмандар Діни басқармасы ел азаматтарын қажылыққа апаратын әуе компанияларын таңдады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Muftyat.kz сілтеме жасап.
Жүргізілген байқау бойынша қазақстандық "Air Astana", "Scat" компаниялары қажылыққа сапарға шыққандар үшін тікелей рейс ұсынады. Сапар аясында ұшақтар арқылы Ақтау, Шымкент, Астана, Түркістан, Алматы қалаларынан шығып, Жидда (Мекке маңындағы қала) және Мединаға жеткізу жоспарлануда.
"Айта кетейік, әуе тасымалдауды демонополизациялау арқылы ҚМДБ тарапынан қажыларға қолайлы жағдай жасалды. 2023 жылдан бері атқарылаған жұмыстың нәтижесі бойынша өткен жылдармен салыстырғанда қажылықтың әуе билетінің құны 300-400 АҚШ долларына дейін арзандады және қажылардың қалаған әуе компаниясымен сапарға шығуына мүмкіндік туды", –