Қазақстандықтарға тағы бір елге визасыз кіруге мүмкіндік берілді

Фото: Pexels
Енді қазақстандықтар Мароккоға визасыз бара алады. Бұл келісім екі ел арасындағы өзара келісім нәтижесінде жүзеге асты, деп хабарлайды Taspanews.kz.
Құжатқа сәйкес, Қазақстан азаматтары Мароккода 180 күн ішінде 30 күнге дейін визасыз жүре алады, тек қана төлқұжаттары болуы жеткілікті. Алайда, егер сапар жұмыс, оқу немесе ұзақ мерзімді мақсаттармен байланысты болса және 30 күннен ұзақ уақыт болуды жоспарласаңыз, арнайы виза алу қажет. Бұл келісім екі елдің ішкі рәсімдерін аяқтағаннан кейін 30 күннен соң күшіне енеді.
«Қазақстан мен Марокко арасындағы визасыз режим туралы келісім – елдеріміздің дипломатиялық және экономикалық байланыстарын нығайтудағы маңызды қадам. Бұл келісім туризм, бизнес және мәдени алмасулар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады»,
Одан бөлек, бұл келісім Қазақстан кәсіпкерлері мен инвесторлары үшін де маңызды. Визасыз саяхаттау кәсіпкерлік байланыстарды дамытуға ықпал етеді.