Қазақстанға гүл шоқтары қайдан келеді?

Фото: Pexels

Раушан гүлдері, қызғалдақтар, лалагүлдер Қазақстан 2024 жылы рекордтық 12,3 мың тонна гүл импорттады. Ал жұмсалған сома 93,5 миллион долларды құрады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.


Салыстыру үшін айтар болсақ, бір жыл бұрын елге 61,2 миллионға сатып алынған 8,2 мың тонна гүл әкелінді. Қазақстандықтардың гүлге деген сүйіспеншілігімен бірге, шығыны да артып келеді.


«Гүлді негізгі жеткізуші – Эквадор. Бұл елден Қазақстанға 6,4 мың тонна жаңа раушан гүлдері әкелінді. Нидерландыдан 2,3 мың тонна гүл жеткізілді. Одан кейін Қытай (1,1 мың тонна), Колумбия (978 тонна) және Кения (975 тонна) гүлдері сұранысқа ие. Барлығы 53 елден гүл шоқтары әкелінді», – делінген ҚР Ұлттық статистика бюросы ақпаратында. 

Белгілі болғандай, Қазақстан гүлдерді сатып алып қана қоймай, эскпорттайды. Мәселен, 2024 жылы еліміз ТМД елдеріне 1,5 мың тонна гүл шоқтарын экспорттады.


Мәселен, Ресей Қазақстаннан 2024 жылдың 11 айында 28 мың тонна гүл импорттады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 50 есеге көп. Ресей тарапымен импорттың негізгі бөлігін раушан гүлдері (97%) құрады.