Қазақстаннан отынды эскпорттау шектелді

pixabay.com фото на taspanews.kz от 29 января 2025 10:20
Фото: pixabay.com

Қазақстанда 2025 жылдың 29-қаңтарынан бастап ұлттық энергетикалық ресурстардың бақылауын күшейту мақсатында бензин мен дизельдік отынның экспортына жаңа шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Taspanews.kz.


Осы бойынша Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы ресми ақпараттық ресурста жарияланды.


2025 жылдың 29 наурызына дейін жүзеге асатын бұл тыйым аясында осы отын түрлерін автомобиль және теміржол арқылы экспорттау шектелді.


«Енді бензин мен дизель отынын, сондай-ақ басқа да мұнай өнімдерін экспорттауға, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріне жөнелтуге тыйым салынады», – делінген құжатта.

Осы сәттен бастап бұл тауарларды елден тыс жерлерге тасымалдау арнайы себептерсіз мүмкін болмайды. Дегенмен, заңда жанармай экспортына рұқсат берілетін бірнеше жағдай қарастырылған. Осындай ерекшеліктердің бірі –көлік өндірушісі белгілеген стандарттарға сай болатын көліктің бензобактарына құйылатын отынды тасымалдау. Сондай-ақ тек қана ғылыми-зерттеулік мақсатта экспортталатын авиациялық жанармайды да экспорттауға рұқсат берілді.


Сонымен қатар, мұнай өнімдері төтенше жағдайлардан, табиғи апаттардан немесе басқа келеңсіз жағдайлардан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін пайдаланылса, оларды экспорттау мүмкін болады.


2025 жылғы 1 ақпаннан бастап 2025 жылғы 29 наурызға дейін жеткізу мемлекеттік ресми жоспарлар аясында бекітілген жағдайларды қоспағанда, ТН ВЭД ЕАЭС 2710 12 кодты мұнай өнімдерін теміржол көлігімен экспорттауға тыйым салынатынын атап өту маңызды. Мұндай шаралар Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға және ішкі нарықтағы отын тапшылығын болдырмауға бағытталған.


Следите за новостями Taspanews