Қазақстанның 14 облысында дауылды ескерту жарияланды
Бейсенбі күні Астанада және Қазақстанның он төрт облысында дауыл соғады. Бұл мәліметтерді РМК «Қазгидромет« ұсынды, деп хабарлайды Taspanews
Ақмола облысында түнде батыста, күндіз солтүстікте және оңтүстікте найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстік-батыстан екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді.
Көкшетауда да таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Астанада 6 маусымда күн күркіреп, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ұлытау облысының батысында, солтүстік және орталық бөлігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші күндіз секундына 20 метрге жетеді. Орталық және оңтүстік облыстарда жоғары өрт қаупі сақталады.
Жезқазғанда 6 маусымда найзағай ойнап, екпіні секундына 20 метрге жететін жел соғуы мүмкін.
Маңғыстау облысында 40 градусқа дейін ыстық болып, өрт қаупі күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан секундына 23 метрге жететін жел соғады.
Петропавлда 6 маусымда тұман түсіп, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.
Қарағанды облысында батыста және солтүстікте найзағай ойнап, жел секундына 20 метрге дейін жетеді. Облыстың оңтүстік бөлігінде өрт қаупі сақталады.
Оралда 6 маусымда найзағай ойнап, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.
Абай ауданында солтүстік-батыста найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 20 метрге жетеді.
Ақтөбе облысында 6 маусымда күн күркіреп, батыста, солтүстік және шығыста желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады.
6 маусымда Шымкент және Түркістан қалаларында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында шығыс пен солтүстікте шаңды дауыл соғуы мүмкін, жел секундына 20 метрге жетеді, ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріледі.
Атырауда аса жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында 6 маусымда солтүстікте найзағай ойнап, бұрқасын күтіледі, ауа температурасы 40 градусқа дейін жетеді, облыстың барлық аумағында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысында 6 маусымда батыста, солтүстікте және оңтүстікте найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, жел секундына 20 метрге дейін күшейеді.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында найзағай ойнайды.
Павлодар облысында 6 маусымда найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 18 метрге дейін жетеді.