Қазақстанның 9 өңірінің жолдарын тасқын сулар басып қалуы мүмкін
Фото: Pexels
2025 жылғы болжам бойынша Қазақстанның 9 өңірінің жолдарын су басып қалуы мүмкін, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
Жалпы ұзындығы 96,5 км болатын су тасқыны болуы мүмкін 326 автожол учаскесі бар.
Өңірлер бойынша Ақмоладағы – 40, Қостанайдағы – 37, Солтүстік Қазақстандағы – 35, Ақтөбедегі– 31, Алматыдағы – 29, Қарағандыдағы – 25, Атыраудағы – 24, Шығыс Қазақстандағы – 22 және Абайдағы – 22 учаскені осы көктемде еріген қар мен тау суы басып қалуы мүмкін.