Қазақстанның бірқатар қалаларында ауаның аса ластануы болжанады

Ауа ластануы фото на taspanews.kz от 25 декабря 2024 09:04
Фото: Pixabay.com

Синоптиктердің болжамына сай, 25 желтоқсанда Қазақстанның бірқатар қалаларында қолайсыз ауа-райы жағдайы орнайды, бұл ауаның ластануына ықпал етуі мүмкін, – деп хабарлайды Taspanews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.


Бүгін Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер қалаларында улы ауа тарайды. Сондай-ақ түнде бұл тізімге Қостанай қаласы да қосылады.


Сарапшылар мұндай жағдай атмосферада ластаушы заттардың таралуына жол бермейтін желдің аздығынан, температура инверсияларынан туындайтынын атап өтеді. Бұл адамдардың денсаулығына, әсіресе дем алу жағынан біршама қиналатын адамдарға кері әсер етуі мүмкін.


Тұрғындарға ашық ауада, әсіресе өнеркәсіптік аймақтар мен көлік көп жүретін жолдардың жанында уақыт өткізбеуге кеңес беріледі. Бетперделерді ауадағы зиянды бөлшектерден қорғау үшін пайдалануға болады. Сондай-ақ ашық алаңда спортпен айналыспай қоя тұрған жөн.


Следите за новостями Taspanews