Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы қандай болмақ

Фото: Shutterstock

27 ақпанда Қазақстанның ірі қалаларында ауa райы құбылмалы болады. Алматы мен Астанада күн бұлтты болсай, Шымкентте күн ашық, тіпті аздап жылы болады, деп хабарлайды Taspanews.kz World weather.ru сайтының деректеріне сілтеме жасап.


Астанада күн суытады. Синоптиктер жауын-шашынның болмайтынын айтады, алайда күндіз ауа температурасы минус 5-7 градус, түнде -15, кей жерлерде -17 градусқа дейін суытады. Жел секундына 3-8 метрге дейін күшейеді.


Алматыда бүгін күн бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы күндіз 0...-2 градус аралығында ауытқып, түнде минус 5-7 градусқа дейін төмендейді. Жел аздап, секундына 2-7 метрге дейін жетеді.


Шымкентте ауа райы қолайлы болды. Бұл жерде күн ашық, күндіз ауа плюс 4-6 градусқа дейін жылынады. Алайда түнде ауа температурасы қайтадан минус 5-7 градусқа дейін төмендейді. Желдің екпіні секундына 10 метрге жетіп, күрт суытады.