Қазақстанның ірі қаласында Наурыз жаңбырлы болады

Қазгидромет метеорологтары наурыздың 21-і мен 23-і аралығында Алматы, Астана мен Шымкентте алдағы үш күні ауа райы қандай болатыны туралы болжам дайындады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ресми ақпаратқа сілтеме жасап.
Алматы
Алматыда ауа райы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. 21 наурызда түнде ауа температурасы +7 +9 градусты, күндіз +23 +25 градусты көрсетеді. Оңтүстік-батыстан жел соғады.
22 наурызда ауа температурасы түнде +9 +11 градус, күндіз +20 +22 градус болады, жел солтүстік-шығысқа қарай ауысады.
23 наурызда жаңбыр жаумайды, күндіз ауа температурасы 18-20 градусқа дейін төмендейді.
Астана
21 наурызда, синоптиктердің болжамына сай, көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын жауып, көктайғақ болып, қар жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз ауа температурасы +2 +4 градус шамасында сақталады.
22 наурызда түнде ауа температурасы -7 -9 градусқа дейін төмендейді. Күндіз температура 0-2 градус жылы болады.
23 наурыз жауын-шашынсыз болады, алайда көктайғаққа байланысты жолдарда қауіпті аймақтар сақталады. Ауа температурасы түнде -6 -8 градус, күндіз 0-2 градус болады.
Шымкент
21 наурызда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде 9-11 градус, күндіз 23-25 градус болады.
22 наурызда күн бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде +11 +13, күндіз +22 +24 градус жылы болады.
23 наурыз да жауын-шашынсыз өтеді. Ауа температурасы түнде +12-+14, күндіз +20 +22 градус жылы. Жел секундына 5-10 метрге дейін күшейеді.