Қазақстанның кей аймақтарында көлік қозғалысына шектеулер енгізілді

 Pixabay фото на taspanews.kz от 16 января 2025 20:24
Фото: Pixabay

Ауа-райының нашарлауына байланысты Қазақстанның екі облысында көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілді, – деп хабарлайды Taspanews.kz «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ұлттық оператордың мәліметінше, Батыс Қазақстан облысының шекарасы мен Маржанбұлақ ауылы аралығындағы Ақтөбе-Орал-Ресей шекарасы жолының көлік ең көп жүретін учаскелерінің бірі бойынша жүк және қоғамдық көлік қозғалысына шектеу қойылған.


«Ауа-райы жағдайы, соның ішінде қар мен қатты жел жолды көру мүмкіндігін азайтып, жол жағдайын айтарлықтай нашарлатады, бұл жол апаттарға әкелуі мүмкін. Шектеу шамамен сағат 20:00-де жағдай тұрақталып, қозғалыс қауіпсіздігі қамтамасыз етілгеннен кейін алынады деп күтілуде»,  – делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.

Сондай-ақ, Жымпиты ауылы мен Ақтөбе облысының шекарасы аралығындағы жолдың Ақтөбе-Орал-Ресей шекарасы учаскесінде де осындай шаралар енгізілді. Сондай-ақ кешкі сағат 20:00-ге дейін жүк және қоғамдық көлік қозғалысы шектелді.


Следите за новостями Taspanews