Қазақстанның кейбір курорттық аймақтарында әуежайлар салынады

ҚР Көлік министрлігі фото на taspanews.kz от 09 января 2025 10:23
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Көлік министрлігі 2025 жылға бағытталған жаңа реформалар мен өзгерістерді жариялады, – деп хабарлайды Taspanews.kz министрлікке сілтеме жасап.


Авиация саласында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру басталды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, 2025 жылы Қатонқарағай, Зайсан мен Кендірлі курорттық аймақтарында әуежайлар салынады. Осы орайда жер учаскелерін ресімдеу мен жобалау жүргізілуде.


Одан бөлек, темір жол торабы бойынша жоспарлар жүзеге асырылады: «Достық-Мойынты» бағыты бойынша  жол құрылысы аяқталады, «Достық – Бескөл» және «Мойынты – Балқаш» учаскелерінде жол ашылады.


Следите за новостями Taspanews