Қазақстанның мұнай-газ химиялық индустриясын дамытудың 6 жылдық жоспары

ҚР ЭМ фото на taspanews.kz от 14 октября 2024 11:34
Фото: ҚР ЭМ

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі 2024-2030 жылдар аралығында елдің мұнай-газ-химия индустриясын жақсартуға бағытталған жоспар дайындады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ЭМ-не сілтеме жасап.


Бекітілген құжаттың мақсаты – қажетті шикізатпен қамтамасыз ету және түпкілікті өнім шығару.


2030 жылға қарай мұнай-газ-химия өнімдерін шығару көлемі 2023 жылғы 357,8 мың тоннадан 1,8 млн тоннаға дейін өседі деп болжануда. Дайындалған жоспар аясында Министрлік алты ірі бастаманы іске асыру үшін шамамен 14,7 млрд АҚШ доллар инвестиция тартуды көздеген. Нәтижесінде 3,5 мың тұрақты және 16 мың уақытша жұмыс орындары пайда болады. Одан бөлек,"ҰИМХТ" АЭА экономикалық аймағының аумағында қажетті инфрақұрылым құрылады.


Следите за новостями Taspanews