Қазақстанның орман шаруашылықтарына өрт сөндіру техникасын жаңартуға қосымша қаражат бөлінбек

Pexels фото на taspanews.kz от 15 апреля 2025 10:41
Фото: Pexels

2025 жылы 15 сәуір күні Үкімет отырысында Қазақстанда орналасқан орман шаруашылықтарына өрт сөндіру техниксын жаңартуға 26 млрд теңгеден астам қаражат бөлінетіндігі мәлімденді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Үкіметтің ресми баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.


ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің басшысы Ерлан Нысанбаевтың айтуы бойынша, облыс әкімдіктері орман шаруашылығын жабдықтауға жергілікті бюджетткен 6,3 млрд теңге, лизинг есебінен 20 млрд теңге бөлді. Осы қаражатқа 186 өрт сөндіру техниксын, 186 шағын орман өрт сөндіру кешенін және 247 тракторды сатып алу жоспарланды. Өрт қаупі жоғары 11 өңірде орман шаруашылығы техникасы жаңартылмақ.


«Жыл басынан бері Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мекемелері үшін 3,7 млрд теңге сомасына 136 шағын орман өрт сөндіру кешені мен 60 трактор жеткізілді. Маусым айының соңына дейін тағы 166 өрт сөндіру машинасы, 27 шағын орман өрт сөндіру кешені және 11,3 млрд теңге сомасына 15 трактор жеткізіледі», – деді министр.

Одан бөлек, 2025 жылдың соңына қарай өртті ерте анықтау жүйесімен 5,6 млн гектар мемлекеттік орман қоры қамтылатын болады.


Следите за новостями Taspanews