Қазақстанның орталығы мен оңтүстігінде ауа-райы аса қолайсыз болады

19 желтоқсанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде аязды ауа-райы сақталады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжауынша, қалың қар жауып, боран соғады, ал оңтүстік және оңтүстік-батыс аймақтарда жауын-шашын қарға айналуы мүмкін. Республиканың орталық бөлігінде қалың қар жауады, бұл жолдардағы жағдайды айтарлықтай қиындатады.
"Қазақстанның оңтүстік-шығысында және шығысында әлсіреген антициклонның әсерінен жауын-шашын болмайды. Алайда республиканың басым бөлігінде синоптиктер көктайғақ, желдің күшеюі және тұман болуы мүмкін екенін ескертеді",
Синоптиктер Жетісу өңіріне ерекше назар аударды: Алакөл көлі аймағында Оңтүстік-шығыстан қатты жел соғады деп болжануда. Оның екпіні секундына 23-28 метрге жетеді, кей жерлерде 30 м/с-тан асады.
Метеорологтар ел тұрғындары мен қонақтарын, әсіресе көктайғақ пен нашар көріну жағдайында сақ болуға шақырады. Жүргізушілерге қалың қар жаууы мүмкін орталық және солтүстік аймақтарда ұзақ жолға шықпауға кеңес беріледі.
Ауа-райының қолайсыздығы әуе қатынасына да әсер етуі мүмкін, тұман көп аймақтарда бұл аса байқалады. Азаматтарға әуежайларға барар алдында ауа-райы болжамын бақылап, рейс туралы ақпаратты тексеру ұсынылады.