Қазақстанның үш облысында оқушылар қашықтан оқуға ауысты
10 желтоқсан күні Қазақстанның үш өңірінде бастауыш сынып оқушылары ауа райының қолайсыздығына байланысты уақытша қашықтықтан оқытылады, – деп хабарлайды Taspanews.kz.
Бұл шешімді жергілікті білім департаменттері қабылдады.
Қарағанды облысында бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушыларына арналған сабақтар онлайн-форматқа ауыстырылды.
Павлодар облысында таңертеңнен бастап ауа температурасы -25 градусқа дейін төмендеді. Нәтижесінде мектепке дейінгі дайындық топтары мен бірінші ауысымның 1-4 сынып оқушылары үшін қашықтықтан оқыту форматында сабақтар өткізу туралы шешім қабылданды.
Шығыс Қазақстан облысындағы бірнеше аудандарда қашықтан оқытуға көшу шаралары қабылданды.
Риддер қаласында қатты аяз орнап (-27,4°C), шығыс желдің екпіні 5 м/с дейін жеткен соң, екі ауысымның 0-4 сынып оқушылары онлайн оқуға көшті.
Алтай ауданындағы бірнеше мектеп пен Самар ауданы, Аққала ауылындағы мектеп-балабақша оқушыларын қашықтықтан оқыту жүзеге асады.
Самар ауданында -34°C-қа жететін өте төмен температура Аққала ауылындағы мектеп-балабақша оқушыларын қашықтықтан оқытуға ауыстыруға мәжбүр етті.
Ауа-райы жақсарған жағдайда сабақтар мектептерде өтеді.