Қазақстанның үш облысындағы республикалық маңызы бар жолдар жабылды

Фото: Depositphotos

Ауа-райының нашарлауына байланысты Жетісу, Абай мен Қарағанды облыстарының кей учаскелерінде көлік қозғалысы тоқтады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


Жетісу облысында Үшарал-Достық-ҚХР шекарасы Көктума ауылы – Достық станциясы, Абай облысында «Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Бұғаз» учаскесі Қайнар ауылы, Баршатас ауылы, Қарағанды облысында «Астана – Караганда - Алматы» Атамекен а. – Балхаш қ. Жолдары жабылды.


Еске салсақ, 5-қаңтар таңындағы ақпарат бойынша, Жетісу мен Абай облыстарының басқа да учаскелерінде қозғалыс тоқтады.