Қазақстаның екі қаласында бет-әлпетті анықтау бейнемониторингі жұмыс істей бастады
Фото: Pexels
Астана мен Алматыда бейнемониторинг жүйесі іске қосылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
Жасанды интеллект технологиясымен іздеудегі адамдарды танып-анықтау, жоғалған заттар туралы дабыл қағу, құқық бұзушылықтарды тіркеу жүзеге асатын болады.
Камералар әуежай, теміржол вокзалдары сияқты коғамдық мекемелерде орнатылады. Осыған дейін, бұл технологиялар арқылы жоғалған балаларды табу, іздеуде жүрген адамдардың ізіне түсуде оң нәтиже көрсетті. Астанада 46 құқық бұзушы, Алматыда 30 адам ұсталды.