Қазан айында папиллома вирусынан 54 мыңнан астам жас қыз егілді

Pexels фото на taspanews.kz от 01 ноября 2024 11:14
Фото: Pexels

Қазан айынан бастап қарашаға дейін 11-13 жас аралығындағы 54,5 мыңнан астам қыз папиллома вирусына қарсы вакцина алды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.


12-13 жастағы қыздарға толтыру иммундауы жүргізілуде.


Вакцинадан өткен өңірлердің арасында Түркістан облысы, Шымкент, Қарағанды облысы, Жамбыл облысы және Астана. Көш бастап тұрған Түркістан облысында 11,1 мыңнан астам қыз егуден өткен.


Оқушылардың өздерін қолайсыз сезінген жағдайлары тіркелмеді.


Вакцинация мектеп іші медициналық кабинетінде немесе тіркелген жері бойынша емханаларда жүргізіледі.


Следите за новостями Taspanews