Қажылыққа барған қазақстандықтар далада қалды

Фото: Depositphotos
Қажылыққа арнайы тур алып, Qazaq umma компаниясына жолыққан қазақстандықтар межелеген жеріне жеткенде қонақ үйсіз, ассыз қалды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Бірінші Қарағанды телеарнасына сілтеме жасап.
Келтірілген бейнероликке сәйкес, ҚР азаматы 7 қаңтарда қажылыққа келіп жеткен. Ол жанында 2 қаңтарда қажылыққа келгендер тұрғанын айтып, барар жер таппай, алданғандарын жеткізді.
Qazaq umma туристік компаниясы қажылыққа аттанғандарға уәде еткен қызметін атқармай, қонақ үймен қамтамасыз етпеген. Зардап шеккен азаматтар Қазақстанның мемлекеттік органдардан мәселені шешуін сұрауда.