ҚазМұнайГаз» бен ICAO халықаралық авиотын стандартына көшу мәселесін қарастырды

Freepik фото на taspanews.kz от 06 марта 2025 22:45
Фото: Freepik

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов пен Халықаралық авиация ұйымының Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының директоры Николля Ралломен Қазақстанның халықаралық авиаотын стандартына көшу мәселесі талқыланды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ресми ақпаратқа сілтеме жасап.


Қазақстанның Jet A-1 маркалы авиаотынды өндіруге техникалық тұрғыдан дайын екені айтылды. Ол үшін отандық әуежайлар инфрақұрылымын дайындау қажет.


«Осыған байланысты ҚМГ өзінің еншілес компаниясы «ҚазМұнайГаз-Аэро» арқылы еліміздегі әуежайларда тиісті инфрақұрылымды салып, оны жаңғыртуға бағытталған бірқатар инвестициялық жобаға бастамашы болды. Бұл жұмыстар дәстүрлі авиациялық отынды да, SAF тұрақты авиациялық отынды да сақтау үшін қажет. ICAO-мен ынтымақтастық сертификат алу процестерін және халықаралық стандарттарға сәйкестігін жеделдетуге мүмкіндік беретініне сенімдімін», – деп атап өтті ҚМГ басшысы.

Жобалар аясында әуе айлақтарына арналған жаңа отын құю құрылғыларын сатып алу жүргізіледі. Инвестиция көлемі 15 млрд теңгеге тең.


Следите за новостями Taspanews