"Қазселденқорғау" басшысының ақтау үкімі жойылды

Фото: Pxhere

Алматы облыстық соты «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы Кәрім Көкірекбаевтың атышулы ісін қайта қарауға көшті, деп жазады Taspanews.kz тілшісі Жоғарғы соттың Telegram-каналына сілтеме жасап.


Сот алқасы Көкірекбаевқа қатысты ақтау үкімінің күшін жойды, сондай-ақ Ахатаев пен Поплавскийдің үкімдерін қайта қарады.


2023 жылдың мамыр айында Антикор Көкірекбаев пен оның серіктестерінің атқарылған жұмыс актілерін бекіткені және кәсіпкерлерге жалпы қолайлы жағдай жасағаны үшін 396 миллион теңге көлемінде пара алғанын дәлелдеген тергеуді аяқтады. Іс сотқа өтті.


Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық соты Ахатаев пен Поплавскийді кінәлі деп таныды. Оларға қатаң жаза тағайындалды - 11 жылға бас бостандығынан айырылды және өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды. Көкрекбаев барлық айыптар бойынша ақталды, ал Бас прокуратура аппеляциялық шағым түсірді.


Қылмыстық істі басқа сот алқасы жаңа сот талқылауына жіберді.