"Қазсушар" сумен қамтамасыз етті: Отырар ауданы

Фото: ҚР СРИМ

Түркістан облысы бойынша "Қазсушар" бөлімшесі Отырар ауданының ауыл шаруашылығы өндірушілеріне 34,35 млн текше метр су берді, деп хабарлайды Taspanews.kz "ҚР СРИМ"сілтеме жасап.


Түркістан облысы бойынша "Қазсушар" филиялы Отырар ауданының кең ауыл шаруашылығы алқаптарын 34,35 млн текше метр сумен қамтамасыз етті. 8350 гектар жер суарылды.


Ағымдағы суару маусымын үздіксіз өткізуді қамтамасыз ету үшін ауданда 11 арнаны қамтитын ұзындығы 47,9 км учаскелерде механикалық тазарту жұмыстары жүргізілді.


Алтанбеков каналы және онымен байланысты гидротехникалық объектілер, сондай-ақ 14 сорғы мен "Қызылту" сорғы станциясы жөнделді.