«Әкемнің ісін ақтау мүмкін емес»: Айсәуле Бақытбек әкесімен ара-қатынасы туралы айтты

Айсәуле Бақытбек фото на taspanews.kz от 03 сентября 2024 15:38
Фото: instagram.com/aissaulebakytbek

Қазақстандық танымал блогер Айсәуле Бақытбек әкесімен ара-қатынасы туралы сыр шертті. Блогер әкесімен араласса да, оның анасына істегенін мүлде қолдамайтынын, ақтауға келмейтінін айтты.


Ол оқырман сұрақтарына жауап беріп, әкесі туралы Instagram-дағы ресми парақшасында жазды.


«Мен әкеммен түскен фотомды жарияласам, маған кейбір оқырмандарым: «Жарайсың, араласқаның жақсы» деп пікір жазады. Мұндай пікірлер, жұмсағырақ айтқанда,  маған мүлде ұнамайды. Әкемнің ісін ақтау мүмкін емес. Ешқандай жағдайда. Бұл сурет те,  біздің араласатынымыз да, оны аз да болса түсінетінімді немесе ақтағым келетінін білдірмейді. Бұл олай емес», – деп жазды желі жұлдызы.


Қыздың сөзінше, әкесімен жақсы қарым-қатынаста болу үшін өз-өзімен көп жұмыс істейді.


«Бұл қарым-қатынасты ұстау маған оңай емес. Көп еңбек пен күш-жігерді қажет етеді. Оны ол тіпті білмеуі де мүмкін. Мен кейбір дүниелерді кешіруге болмайтынына сенемін. Бірақ оған қоса, мен сол адамның арқасында осы өмірде бар екенімді білемін. Сондай-ақ әкем маған көп жыл бойы өте жақсы әке болды. Иә, адам қорқынышты әрекеттерден кейін де балалары және немерелерімен сөйлесуге құқылы. Өйткені, бұл - өмір. Ал өмірдің қыры шексіз көп. Көбіңіз менің өмірімнің қыр-сырын және менің іс-әрекеттерімді түсіне алмайсыздар. Мен де сіздерді түсіне алмайтыным сияқты», – деп жазды Айсәуле Бақытбек.


Айсәуле Бақытбектің Stories-i.  фото на taspanews.kz от 03 сентября 2024 15:38
Фото: instagram.com/aissaulebakytbek
Следите за новостями Taspanews