Кентау қаласында 3 жасар бүлдіршін пәтер ішінде жалғыз қалып қойған
Фото: Pexels
Түркістандық полиция қызметкерлері Кентау қаласындағы 3 жасар қызды пәтерден алып шықты, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
Дүкенге шығып кетіп, 3 жасар қызды пәтерде қалдырған анасы үйіне келгенде есіктің іштен құлыптанып қалғанын түсінді. Қызы есікті кілттеп қойған. Әйел бірден 112-ге қоңырау шалып көмек сұраған.
Учаскелік полиция инспекторы Есімхан Бекзатхан оқиға орнына келіп, 5 ші қабатқа көтеріле, көрші пәтерден үй балконына енген.
Қызы анасына тапсырылды.