Кентау қаласында экстремистік ұйым жойылды

Фото: ІІМ

ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлінісі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірігіп терроризм идеяларын насихаттағандарды ұстады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


Топ мүшелері “Хизб-ут-Тахрир” ұйымының саясатын жүргізіп, діни көзқарасты қорлайтын іс-әрекеттері үшін айыпталды. Осы шетелдік радикалды уағыздарды ғаламторда таратумен айналысқан 10 күдікті ұсталды. Дині-экстремистік әдебиеттер мен заттай дәлелдемелер табылды. Сотқа дейінгі тергеу жүруде.


Топ жетекшісі бұрынырақ экстремистік ұйымның қызметіне атсалысқаны үшін сотты болған.


Пост из социальной сети