Кентаулық талапкер ҰБТ-да рекорд орнатты

 фото на taspanews.kz от 04 июня 2024 12:51
Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Кентаулық талапкер Айдос Қожанов ҰБТ-да 138 балл жинап, рекорд орнатты, - деп хабарлайды Taspanews облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бұл қазіргі уақытта елдегі ең жоғары нәтиже. Айдос Хайроллаұлы Юрий Гагарин атындағы N16 мектеп-лицейде он жыл білім алып, кейін 11-сыныпта Грант мектебіне ауысты. Болашақта математика пәнінің мұғалімі болуды жоспарлап отыр.


Түркістан облысында 2023-2024 оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестілеуге 27 340 оқушы өтініш берген. Облыс бойынша барлығы 32306 оқушы 11 сыныпты аяқтаса, оның 1727-сі «Алтын белгі» белгісіне үміткер болса, 2466-сы «Үздік аттестат» иегері атанды.


Следите за новостями Taspanews