Кездейсоқ адамдар өздерін "блогер" етіп таныстырып ақша бопсалаған

Фото: Depositphotos
Бизнес өкілдері басшыларынан, мемлекеттік мекеме жұмысшыларынан орын алған бұзушылықтар үшін ақша бопсалап, дәлел жинап жариялаумен қорқытқан "блогер" кейпіндегі адамдар ұсталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының Көліктегі полиция қызметі пойыз жолсеріктерінің бұзушылықтарын байқап, тіркеп жүрген "блогерді" ұстады. Дәл осы адам осыған ұқсас 60 қылмысты жүзеге асырған. Келтірілген шығын көлемі 48 млн теңгені құрады.
Одан бөлек, 20-дан астам факті тіркелді.
"Жетісу облысында ҰҚҚК жедел уәкілдері құрылыс саласындағы кәсіпкерден 10 млн теңге қаражат талап еткен "блогерді" ұстады. Ол тұрғын үй құрылысы кезіндегі бұзушылықтарды жариялайтынын айтып, бопсалаған. Алматы қаласы ПД ҰҚКБ сотталған адамнан 10 млн теңге бопсалаған адамды ұстады",
Осы қылмыс түрі бойынша жағдайлар Қызылорда, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді. Барлық бопсалаушылар ұсталды. Қылмыстық жауапкершілікке тартылды.