Халықаралық рейстер: қазақстандықтар қай елдерге жиі ұшады?

 фото на taspanews.kz от 28 мая 2024 13:29
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Қазақстандықтар қай бағыттар бойынша жиі ұшатындықтары белгілі болды, – деп хабарлайды Taspanews тілшісі ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап


Бүгінгі таңда Қазақстаннан халықаралық рейстер аптасына 567 рейс жиілігімен 121 бағыт бойынша 28 елге орындалады.


Ең көп жіберілетін рейстер:


Ресей Федерациясы (Мәскеу, Санкт-Петербург, Екатеринбург, Минеральные воды, Қазан, Сочи, Красноярск, Новосибирск, Махачкала, Грозный қалалары) 31 әуе бағыты бойынша аптасына 139 рейс.


Түркия (Ыстамбұл, Анкара, Анталия) аптасына 18 әуе бағыты бойынша 125 рейс.


Біріккен Араб Әмірліктеріне (Дубай, Абу-Даби, Шарджа) 6 әуе бағыты бойынша аптасына 58 рейс.


Қытай Халық Республикасына (Пекин, Үрімші, Сиань, Ханчжоу, Санья) аптасына 9 әуе бағыты бойынша 43 рейс.


Сонымен қатар, биыл Вьетнам, Таиланд, Мысыр және Грузияға халықаралық рейстер саны артады.


Следите за новостями Taspanews