Халыққа қызмет көрсету орталығы демалыс күндеріне орай жұмыс кестесін жариялады

E gov фото на taspanews.kz от 12 декабря 2024 13:15
Фото: Орталық Коммуникациялар қызметі

 Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған орталықтар 16 желтоқсан күні қызмет көрсетпейді, – деп хабарлайды Taspanews.kz  ААҮ сілтеме жасап.


14 желтоқсан, сенбі күні кезекші орталықтар 09:00 - 13:00-ге дейін қызмет атқарады. 17-желтоқсан күні ХҚКО қалыпты жағдайда 09:00-18:00-ге дейін ашық болады.


"Орталықтар жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекші ХҚКО жұмыс күндері 20.00-ге дейін, сенбі күндері 13.00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекші мамандандырылған ХҚКО дүйсенбі мен жұма аралығында 18.00-ге дейін азаматтарды қабылдайды, ал дайын құжаттарды 20.00-ге дейін алуға болады. Сенбі күні мамандандырылған ХҚКО 13.00-ге дейін жұмыс істейді", – Азаматтарға арналған үкіметке сілтеме жасап.

Следите за новостями Taspanews