Хромтау ауданының 90 жылдығына орай өңірдегі медициналық пункт жаңартылды

Фото: Depositphotos
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Қызылсу ауылында жаңартылған медициналық пункт іске қосылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz әкімдікке сілтеме жасап.
Ғимаратты жөндеу нәтижесінде төбесі ауытырылды, қабырғалары жаңартылды, жаңа терезе мен есіктер қойылды, газ, су, жарық жүйелерімен қамтамасыз етілді. Күрделі жөндеуге 12 млн теңге қаражат жұмсалды.
«Сонымен қатар, аудандық аурухана тарапынан жедел жәрдем көлігі бөлініп, ауыл тұрғындарына шұғыл әрі сапалы медициналық көмек көрсетуге барлық жағдай жасалды. Енді медициналық пунктте екі медбике, санитар, жүргізуші және күзетшілер қызмет көрсетеді», –
Мекеменің іске қосылу салтанаты аудан әкімі қатысуымен өтті. Өнерпаздар арнайы бағдарлама ұсынды.
Хромтау ауданы әкімдігі